neo-ның ресми дилері болу үшін не қажет?
МТ-С компаниясы өзінің дилерлері мен серіктестеріне адал еңбегі үшін шын жүректен үлкен алғыс білдіре отыра, жаңа аймақтық және жергілікті дилерлерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырады.
Бұдан былай компания бар күші өзінің дилер және дистрибьюторларымен түсінікті-де анық, ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негіздерін қалауға бағытталады. Біздің қызметтеріміз бен өнімдерімізді сатуда Сіздерге жан-жақты коммерциялық әрі маркетингтік қолдау көрсетуге дайынбыз. Оған қоса біздің ынтымақтастығымызға байланысты туындайтын барлық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз.
Компанияның ресми дилері статусын алу үшін мына құжаттарды беру керек:
- Бөлшектеп сату нүктелерінің атаулы бағдарламасы (3 нүктеден кем болмау керек)
- Компанияның қысқаша сипаттамасы (құрылу күні, соңғы 5 ай ішіндегі сатулар көлемі, сату нүктелерінің фотосуреттері)
Компанияның құрылтай құжаттары көшірмелері:
- Компания жарғысы
- Компанияның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлік
- Статистикалық карта
- ҚР салық төлеушісі куәлігі
- Компанияның ағымдағы шоттары бар екенін расстайтын банк анықтамасы
- Банк деректемелері
Біздің компаниямыздың ресми дилері болудың егжей-тегжейін мына телефонға қоңырау шалып, білуге болады: +7 (727) 244 95 95
Сізбен жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайынбыз!
Игі тілекпен, «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясы





