Сапарға шығар алдында

Сапарға шығар алдында neо-ның абоненттік қызметіне хабарласып, Сіз бара жатқан елде neо абоненттеріне роуминг қызметі көрсетілетінін анықтап алған жөн.

Роуминг қызметін қосу үшін neо-ның абоненттік қызметіне қоңырау шалып, қолданыстағы тарифіңізге тиісті қосылу шарттарын анықтап алыңыз.

Роуминг қызметін қалай қосуға болады?

«Роуминг» қызметін қосу үшін мына құжаттар керек:

Жеке тұлғалар үшін (кейін есептесу және алдын ала есептесу жүйесіндегі абоненттер үшін)

  • Жеке күәлік немесе төлқұжат
  • Тағайындалған үлгідегі өтініш
  • СТН

Заңды тұлғалар үшін

  • Компанияның фирмалық бланкінде жазылған, мөр мен басшының қолы қойылған хат

Құжаттарды Абоненттерге қызмет көрсету орталығына тапсыру керек, немесе (727) 2584—707 нөміріне факс арқылы жіберу керек.

«Халықаралық роуминг» қызметі neo абоненттеріне мына шарт бойынша көрсетіледі:

  • Абоненттің «халықаралық» рұқсаты қосылған болса
  • Абонент «роуминг» қызметіне қосылған болса
  • Абоненттің балансында 12000 теңгеден кем емес сома болса

«Халықаралық роуминг» қызметі тек бір рет қана қосылады және келешекте абонентке мына шарт бойынша көрсетіледі: абоненттің балансындағы сома бұл қызметтің Өшіру сатысына (12000 теңге) тең немесе одан асатын болу керек

 
Қарап шығулар: 1038