![]() Сәлем neo! Қоңырау шалу тәртібіЖеліні қалай іздеп табуға болады? Басқа елге келген кезде сондағы GSM желісіне қосылу үшін тек телефонды іске қоссаңыз болғаны. Сіздің телефоныңыз жергілікті операторлар желісін автоматты түрде іздеп тауып алады. Сіз тек сол тізімнен өзіңізге керектісін таңдап аласыз. Курсорды GSM-оператор атауына дәлдеп алып, аппарат моделіне қарай YES немесе OK батырмасын басыңыз. Егер Сіздің телефоныңыз табылған желіге автоматты түрде қосыла алмаса, Сіз желіде аппарт менюіндегі 'Желілер' функциясы арқылы қолдан тіркеле аласыз. Телефон дисплейі экранында желілер атрибуттары (кодтары) көрсетіледі. GSM-желісін қолдан таңдап алу туралы егжей-тегжейлі ақпарат телефоныңыздың нұсқаулығында келтірілген. Желіні таңдап алғаннан кейін абонент жергілікті желінің қызметтерін қолдана алады, нөмірді теру тәртібі сол желінің шарттары бойынша жүзеге асырылады. Шет елден қалай қоңырау шалуға болады? Шет елде жүргенде Сіз халықаралық қоңырау шалғанда нөмір терудің әмбебап әдісін қолдана аласыз. Шығыс қоңырауларды шалу тәртібі:
Сапармен шет елде жүрген neо абонентіне қоңырау шалу: «Роуминг» қызметі арқасында neо абонентінің телефон нөмірі Қазақстаннан тыс жерде жүрген кезінде де өзгермейді. Сондықтан оған телефон шалу тәртібінің Қазақстан бойынша қоңырау шалу тәртібінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Қарап шығулар:
1695 |