![]() Сәлем neo! Қалай абонент болуға болады?neо желісіне қосылғым келеді. Ол үшін не қажет? neо-ның кез-келген абонеттерді қолдау орталығына немесе ресми дилерлері мен серіктестерінің сауда нүктелеріне келіп тіркелуге болады. Жеке басыңызды куәлендіретін құжатыңыз болу керек. neо желісіне жүргізуші куәлігі бойынша қосылу мүмкін бе? Жоқ. neо желісіне тек жеке куәлік немесе төлқұжат негізінде қосылуға болады. Біз бүкіл мекемемізбен сіздің желіңізге қосылуды жоспарлап отырмыз. Келісімшартты құру үшін қандай құжаттар қажет? Келісімшартты құру үшін ұйымның өкілетті тұлғасы мына құжаттарды беру керек:
Мен басқа елдің азаматымын. Мен өз төлқұжатым бойынша қосыла алам ба? Иә. Өз еліңіздің төлқұжаты жеткілікті, оған қоса Қазақстан Республикасында болу/жүру/тұру құқығын расстайтын құжаттың бірі болу керек. Мен SIM-картаны сатып алып оны туысқанымның атына соның жеке куәлігін көрсетіп тіркей аламын ба? Жоқ. Мұндай жағдайда Сізде сол кісінің атынан келісімшартты құру туралы нотариалды заңдастырылған сенімхат болу керек. Оған қоса жеке басыңызды куәлендіретін құжат болу керек. Қарап шығулар:
1079 |