Төлем әдістері

Төлем картасын қалай іске қосуға болады?

Шотты толықтыру картасын іске қосу үшін төменде келтірілген әдістің бірін қолдануға болады:

  • Ұялы телефоннан 7070 немесе 9191 12 нөміріне қоңырау шалыңыз
  • Карта коды жазылған SMS-ті 100-нөміріне жіберіңіз
  •   110 жасырын код  теріңіз

 

Төлем төлеген кезде мен нөмірден қателестім. Енді не істеуге болады?

Егер Сіз енгізген нөмір neо ұялы байланыс операторына тиісті болса, онда қаражатты Сіздің шот нөміріне аударуға болады. Ол үшін төлемді расстайтын құжатты қосып, өтініш беру керек. Өтініш компанияның абоненттік бөлімдерінің біріне, жеке куәлікті ұсынып беріледі.

 

 

Мен ұялы байланыс қызметі үшін төлемді терминал арқылы жүргізе алам ба?

Иә. Сіз төлемді төлемдерді қабылдау терминалдары арқылы Қазақстанның барлық аймағында төлей аласыз.

  

Мен байланыс қызметі үшін төлемді төледім, бірақ балансым әлі өзгерген жоқ. Не істеу керек?

Бұл жағдайда сатып алуды расстайтын төлем құжатын (чек немесе квитанцияны) сақтап, бірнеше сағат бойы қаражаттың шотыңызға аударылғанын күте тұру керек. Егер қаражат ұзақ уақыт бойы шотыңызға келіп түспесе, онда neo клиенттерін қолдау орталығына хабарласуыңыз керек.

  

Өз шотымды қалай толықтыра алам?

neо шотты толықтырудың көптеген әдісін ұсынады. Толығырақ ақпарат neо сайтындағы «Төлемдер» бөлімінде келтірілген.

 

Егер картаның  кодын жауып тұрған қабатын өшірген кезде жасырын код зақымдалса не істеу керек?

neо абоненттік бөліміне келуіңіз керек. Қолыңызда балансты толықтыру картасы мен картаны сатып алғаныңызды расстайтын чек, және жеке куәлігіңіз болу керек.

 
Қарап шығулар: 1013