![]() Сәлем neo! РеттеулерSMS-хабарламаларды жіберу үшін не істеу керек? SMS-хабарламаларды жіберу үшін Сіздің телефон аппаратыңыз SMS қызметін қолдау керек. Сонымен қатар Сіздің нөміріңізде SMS қызметі болу керек. SMS-хабарламалардың реттеулерінде SMS-орталығының нөмірін жазу керек (+7 707 0707000). Толығырақ ақпарат «Қызметтер» - «SMS-хабарламалар» бөлімінде. Автоматты амал-шарттарды қалай алуға болады? GPRS, WAP және MMS амал-шарттарын алу үшін «vse» немесе «all» сөзін (тырнақшасыз) SMS арқылы 800 нөміріне жолдау керек. Амал-шарттарды алғаннан кейін оларды телефон жадысына сақтап қалу керек. Сонымен қатар деректерді жеткізу қызметтерінің әрқайсысына тиісті бөлек амал-шарттарды да алуға болады. 800 нөміріне жіберілетін SMS-сұраным форматы: Бос хабарлама — WAP, GPRS және MMS амал-шарттарын алу үшін MMS-хабарламаларды жіберу үшін телефонды қалау дәлдеуге болады? MMS-хабарламаларды жіберу үшін GPRS пен MMS технологияларын қолдайтын, GPRS қызметі қосылған ұялы телефон болу керек. Амал-шарттарды алу үшін «mms» сөзін (тырнақшасыз) SMS арқылы 800 нөміріне жолдау керек. Бірнеше минут ішінде сіздің нөміріңізге MMS амал-шарттары жолданады, оларды телефон жадысына сақтап қалу қажет. Телефонды модем ретінде қолданып, Интернетке компьютер арқылы шығу үшін не қажет? GPRS технологияларын қолдайтын, GPRS қызметі қосылған ұялы телефон болу керек. Телефонды компьютерге қосып, модем драйверін орнатыңыз, және компьютердегі қосылыс реттеулеріне керекті параметрлерді енгізіңіз. Егер мен телефонды модем ретінде қолдансам, оны арнайы реттеу керек пе? Жоқ, арнайы реттеудің керегі жоқ. GPRS қызметін қоссаңыз болғаны, ұялы телефонды компьютерге косып, реттеулерді компьютерде жасау керек. Менің телефоным GPRS / MMS автоматты амал-шарттарын қолдамайды. Не істеуге болады? Онда GPRS пен MMS-ті қолдан бейімдеу керек. Бұл жағдайда әмбебап реттеулерду пайдалануға болады. Әмбебап реттеулерді «Қызметтер» - Интернет бөлімінен алуға болады. SMS жеткізілгені туралы есептемені қалай дәлдеуге болады? Хабарлама реттеулеріндегі SMS жеткізілгені туралы есептемені телефондағы меню арқылы іске қосуға болады. Ұялы телефонға тиісті модем драйверлерін қай жерден алуға болады? Драйверлерді ұялы телефон немесе қосымша жабдық жиынтығы құрамына кіретін компакт-дискіден алуға болады. Оған қоса драйверлерді ұялы телефонды өндіруші компанияның web-сайтынан алуға болады. SMS-хабарламаларды жіберу үшін енгізілетін SMS-орталығының нөмірі қандай? Хабарламаларды жіберу үшін телефоныңызға +7 707 0707000 SMS-орталығының нөмірін енгізу керек. Қарап шығулар:
1031 |