Қызметтер

WAP пен GPRS арасындағы айырмашылық неде?

WAP — бұл WAP-беттерді тікелей ұялы телефон дисплейінен қарап шығу мүмкіндігі.

GPRS — бұл деректерді жеткізу әдісі.

Олардың басты айырмашылығы жылдамдығы мен тарификация қағидаларында.

GPRS/EDGE қызметін пайдаланғандағы деректерді жіберу жылдамдығының ең жоғары көрсеткіші қандай?

Жылдамдық сіздің телефоныңыз EDGE технологиясын қолдайтынын немесе қолдамайтынына байланысты. Соңғы кезде шығарылатын телефондардың көбі EDGE технологиясын қолдайды. EDGE (Enhanced Data-Rates For GSM Evolution) — бұл GPRS-тың логикалық жалғасы, ол арнаның өткізу қабілетін өсіріп, деректерді жеткізу жылдамдығын  384 Кбит/с дейін арттырады .

Егер сіздің телефоныңыз EDGE технологиясын қолдамаса, GPRS-тың ең жоғары жылдамдығы 171,2 Кбит/сек дейін жете алады.

Мен жұмыс істеп тұрған GPRS-сессия барысында шығыс қоңырау шала алам ба?

Жұмыс істеп тұрған GPRS-сессия барысында шығыс қоңырау шалуға болмайды. Бірақ Сіз кіріс қоңырауларды, егер сол кезде декректерді қабылдау/жіберу жүргізілмесе, қабылдай аласыз.

 

«GPRS» қызметінің тарификация бірлігі қандай?

GPRS қызметін пайдалану тарификациясы аралығы — 100 Кб. Жіберілген және қабылданған ақпарат бір сессия аралығында әрбір бағыт бойынша бірге тарификацияланады. Тегін шектері жоқ.

 

Менде «Сізге қоңырау шалды» қызметі қосылған. Телефонымды сөндірген кезде жүйе ең көп дегенде қанша нөмірді анықтап белгілейді?

Бұл қызмет арқасында соңғы 20 шалынбаған қоңыраулар туралы ақпаратты алуға болады. Жеткізілмеген SMS-хабарламалар қысқа хабарламалар буферінде бір тәулік бойы сақталады.

 

Қоңырауларды басқа нөмірге бағыттаудан бас тарту үшін не істеу керек?

Қоңырауларды басқа нөмірге бағыттаудың барлық түрлерінен бас тарту үшін ұялы телефоныңызда 002 пәрменін теру керек.

 

Мен шығыс қоңырау жасаған кезде өз нөмірімді анықтауға  тыйым сала алам ба?

Сіз «Өз нөміріңізді анықтауға  тыйым салу» қызметін  пайдалана аласыз:

Шығыс қоңырау жасаған кезде өз нөміріңізді анықтауға тыйым салу үшін шақырылған абонент нөмірін мына форматта теру керек: 

 31  +7xxxxxxxxxx

(xxxxxxxxxx — 10  таңбалы шақырылатын абонент нөмірі).

Мен SIM-картаны жоғалтып алдым. Не істеу керек?

Егер ұялы телефоныңыз ұрланса немесе SIM-карта жоғалса, нөміріңізді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алып, нөмірді бұғаттау үшін neо–ның абоненттік қызметіне немесе жақын арада орналасқан компанияның абоненттік бөліміне хабарласу керек. Сонымен қатар келісімшарт иесі жеке басын куәлендіретін құжатпен жақын арада орналасқан компанияның абоненттік бөліміне келіп, нөмірді лезде бұғаттай алады.

 

Менің телефонымда «neо-Гид» бөлімі бар. Ол не?

«neо-Гид» — бұл қосымша желілік технология, ол SIM-меню күйінде ұйымдастырылған. Ол көптеген анықтама-ақпараттық және көңіл көтеретін қызметтерді қолдануды және желінің қосымша қоры мен мүмкіндіктерін пайдалануды  қамтамасыз етеді.

 

Компания ұсынатын қызметтер топтамасында белгілі бір нөмірлерден шалынған қоңырауларға тыйым салуды мүмкін ететін қызмет түрі бар ма?

neо ұсынған «Қоңырау жасауға тыйым салу» қызметін қоссаңыз Сіз барлық кіріс қоңырауларға тыйым сала аласыз. Белгілі бір нөмірлерден шалынған қоңырауларға тыйым салуды орнату үшін Сіздің телефоныңыз ондай функцияны қолдау керек.

 

Қоңырауларды күткізу тәртібі қызметін пайдаланғаным үшін қанша ақша төлеймін?

«Қоңырауларды күткізу тәртібі» қызметінің құны тарифке байланысты. Төлем тарифке сәйкес қоңыраулардың екеуі үшін де төленеді. Толығырақ ақпарат «Қызметтер» — Қоңырауларды күткізу тәртібі/Қоңырауды ұстап тұру тәртібі бөлімінде келтірілген.

 

 

 
Қарап шығулар: 1122