Қоңырауларды басқа нөмірге бағыттау

Бұл қызмет арқылы Сіз ұялы телефоныңызға келетін қоңырауларды neо желісіндегі кез келген телефонға немесе кез-келген қала нөміріне бағыттай аласыз.

Басқа нөмірге бағыттауды мына жағдайда орнатуға болады, егер:

  • Сіздің желіңіз бос болмаса
  • Телефоныңыз сөндірулі болса
  • Сіз желі қамтитын байланыс аймағынан тыс жерде болсаңыз
  • Сіз қоңырауларға жауап бергіңіз келмесе
  • Сізге орнатылған телефоннан жауап беру ыңғайлырақ болса

Сіз басқа нөмірге бағыттаудың мына түрлерін қоса аласыз:

  • Кіріс қоңыраулардың барлығын басқа нөмірге бағыттау
  • Егер телефон бос емес болса
  • Жауап бермеген кезде
  • Байланыс аясынан тыс жерде болғанда

Құны:

Қосылу 0 теңге
Бағытталған қоңырау минуты өзіңіздің тарифіңізге сәйкес

Назар аударыңыз! Басқа нөмірге бағыттау ойдағыдай жүргізілсін десеңіз телефон нөмірін мына форматта енгізу керек, мысалы:

+7 707 XXX-XXXX — neo абоненті нөміріне бағыттасаңыз
+7 (
қала коды) (абонент нөмірі) — қалалық нөмірге бағыттасаңыз
+7 XXX XXX-XXXX —
Қазақстан бойынша басқа ұялы байланыс операторы желісіндегі нөмірге бағыттасаңыз

Қоңырауларды басқа нөмірге бағыттауды қосу/жою телефондағы меню арқылы да атқарылады (телефон нұсқаулығын қара).
 
Қарап шығулар: 993