Конференц-байланыс

Конференц-байланыс бірнеше абонентпен қатар (өзіңізбен бірге 6 адамға дейін) сұхбат жүргізуді мүмкін ететін қызмет.

Конференц-байланыс мына жағдайларда өте қолайлы:

  • Егер бірнеше адаммен сұхбаттасу қажет болса — өйткені барлығына жеке телефон соғып, қайта-қайта бір мәселені талқылағанша, ол туралы бірлесіп сөйлескен ыңғайлы.
  • Егер барлық жауапты қызметкерлерді іскерлік келіссөздерді өткізу үшін бір жерге жинау қиын болса
  • Ешқандай арнайы жабдықты керек етпейді — ұялы телефоныңыз бар болса болғаны! Конференцияға ұялы байланыс желісі абоненттерімен қатар қалалық телефон жүйесінің абоненттері де қатыса алады.

Конференц-байланыс барысында Сіз:

  • Шығыс қоңырау жасап, жаңа адамды әнгімеге қоса аласыз
  • Кіріс қоңырауды қабылдап, әңгімені үзбей, қосылыс орнағаннан кейін, жаңа абонентті әңгімеге қоса аласыз
  • Басқалармен әңгімені жалғастырып, кез келген абонентпен қосылысты үзе аласыз
  • Кіріс қоңыраудан бас тартып, әңгімеге қатынасушылармен қосылысты үзбей, немесе конференция режимінен шығып, жаңа қоңырауды қабылдай аласыз
  • Уақытша бір әңгімелесушімен жеке сөйлесіп, кейін конференция режіміне қайта орала аласыз.

Бұл әрекеттерді телефондағы меню немесе клавиатура көмегімен арнайы пәрмендерді теру арқылы жүргізуге болады.

Қызметті қосу

Конференц-байланыс қызметі  барлық neo тарифтері абоненттеріне жетімді.
Өз телефоныңыздың нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Егер Сіздің телефоныңыз қоңырауды күткізу тәртібін, қоңырауларды үзбей ұстап тұру тәртібн және Конференц-байланысты қолдаса Сіз бұл қызметтерді өз телефоныңыздағы меню арқылы пайдалана аласыз.

Қызмет құны

Эфир уақыты үшін төлемді өз тарифіне сәйкес қоңырау шалған абонент төлейді.

Құны

Қосылу                                                     0 теңге
Басқа нөмірге бағытталған қоңырау минуты 

                                      өзіңіздің тарифіңізге сәйкес

 
Қарап шығулар: 972