| |
|
![[NEOGSM LOGO]](images/web/neogsm_logo.png) Сәлем neo!
MMS-хабарламалар
MMS деген не?
Автоматты амал-шарттарды алу үшін бос SMS-ті 800 нөміріне жіберу керек.
ММS (Multimedia Messaging Service) — бұл телефон арқылы түрлі түсті суреттерді, фотосуреттерді, музыкалық әуендерді, оған қоса электронды поштаға жіберілген мәтіндерді т.б. қамтитын хабарламаларды жолдап, қабылдауға мүмкіндік беретін қызмет түрі.
МMS-ті ұялы телефоннан қалай жіберуге болады?
MMS қызметін пайдалану үшін:
· GPRS қызметі қосылған, MMS-ті қолдайтын ұялы телефон болу керек
· өз ұялы телефоныңызды дұрыс дәлдеу керек
МMS-хабарламаны жіберу/қабылдау үшін телефонды қалай дәлдеу керек?
MMS амал-шарттарын қабылдау үшін «MMS» мәтіні бар SMS-ті 800 қысқа нөміріне жіберу керек. Келген амал-шарттарды телефон жадында сақтап алу керек.
Қызмет құны
|
|
Тариф |
|
Қызметті қосу |
0 |
|
Қызметтен бас тарту |
0 |
|
Абоненттік төлем |
0 |
|
MMS-хабарламаны жіберу |
Сіздің тарифыңызға байланысты |
Барлық бағалар ҚҚС есебімен көрсетілген.
Назар аударыңыз:
- Бір MMS-хабарламаны жіберудің/қабылдаудың мүмкін көлемі — 1 МБ дейін
(телефон моделіне байланысты)
- Егер хабарламаны қабылдайтын абонент телефоны сөндірулі немесе байланыс аясынан тыс жерде болса, Сіз жіберген хабарлама сақталып, оған 24 сағат ішінде жеткізіледі.
Телефонның жалпы реттеулері:
APN: mms Homepage: http://mms.neogsm.kz/mms/wapenc Proxy server address: 10.1.26.10 Proxy port number: 8080
Мына параметрлер әдетте шартсыз түрде қолданылады: Phone IP address: Automatic DNS address: Automatic Data bearer: Packet data Username: қажеті жоқ Password: қажеті жоқ
Барлық басқа параметрлер абоненттің талғамына қарай. Телефон моделіне қарай баған атаулары өзгеше болуы мүмкін.
Егер MMS-ті өз бетіңізше реттей алмасаңыз, жақын арадағы Қызмет көрсету орталығына немесе өз ұялы телефоныңыздан 3030 нөміріне хабарласыңыз. Аппаратыңызды тегін дәлдеп береді.
|
|