GPRS/EDGE-Интернет

GPRS/EDGE  автоматты амал-шарттарын алу үшін бос SMS-ті 800 нөміріне жіберу керек.

 

GPRS (General Packet Radio Service) – neо абоненттері үшін  жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізуге  мүмкіндік беретін деректерді топтамалық жеткізу технологиясы.

 

 EDGE (Enhanced Data rates for GSM Evolution) - 2G  және 2.5G (GPRS) желілеріне қондыру ретінде жұмыс істейтін ұялы байланысқа арналған цифрлік технология.

 

Егер Сіз сапарға шықсаңыз, әлде үйден тыс жерде немесе жолда жүрсеңіз, немесе үйіңізде дербес компьютер бар болса да, қондырылған телефон аппараты жоқ болғандықтан Интернетке кіру Сізге қиындық туғызады. Осындай жағдайда Интернет қызметі таптырмайтын көмекші құралына айналады.

 

GPRS технологиясы көптеген салаларда кеңінен қолданылады: деректерді беру, корпоративті желілерге  қол жеткізу, электронды почтаны (e-mail),  қабылдау және жіберу, Интернет желісіне қол жеткізу, электрондық коммерция, MMS, WAP-қорына қол жеткізу және т. б.

 

 GPRS және EDGE технологияларының артықшылықтары:

  • GPRS пайдаланушылары Интернетке толық көлемде қол жеткізе алады, GPRS желісінің қамту аймағында.
  • GPRS интернет-провайдерге қоңырау шалусыз және Интернетке қосылу мүмкіндігін сатып алусыз қызметтерге тез арада қол жеткізу мүмкіндігін береді.
  • Деректерді беру режимінен шықпай телефон аппаратына қоңырау қабылдай алу мүмкіндігі.
  • Берілген/алынған ақпараттардың мөлшері ғана төленеді.
  • GPRS-те деректерді берудің барынша мүмкіндік жылдамдығы 171,2 Кбит/с
  • EDGE  деректерді беру жылдамдығын 480 Кбит/с –ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Қанша тұрады:

 

 

Тариф/теңге/ҚҚС есебімен

     Дөңгелектеу қадамы

Тариф 1 Мб үшін

25

100 Кб

 

 

Телефонның жалпы дәлдеулері

Рұқсат нүктесі (APN): internet

TCP/IP-ді дәлдеу:
IP-адресті алу: автоматты түрде
DNS-сервер адресін алу: автоматты түрде

Логин: қажеті жоқ, бос қалдыруға болады

Пароль: қажеті жоқ, бос қалдыруға болады

 

 

Қолданбалы құралды төмендегідей параметрлерді қолдану арқылы реттеуге болады:

Байланыс телефонының нөмірі

*99#, немесе *99***1# , немесе *99***2#, немесе *99***3#
( ‘# ‘ алдындағы соңғы сан , телефон дәлдеулеріндегі қол жетімді Интернеттің реттік нөмірін білдіреді)

 

 

Модемді  инициализациялау тармағы телефон моделіне қарай әркелкі болады.

Төменде  нұсқалар берілген:

 

1. AT+CGDCONT=1,«IP»,«internet»
2. +CGDCONT=1,«IP»,«internet»
3. немесе  берілген тармақты бос қалдыру

 

Барлық басқа параметрлер абоненттің талғамына қарай.
Телефон моделіне қарай баған атаулары өзгеше болуы мүмкін
.

Егер  Интернетті  өз бетіңізше реттей алмасаңыз, жақын арадағы Қызмет көрсету орталығына немесе өз ұялы телефоныңыздан 3030 нөміріне хабарласыңыз.
Аппаратыңызды тегін дәлдеп береді.

 
Қарап шығулар: 1221