Қолдау және қызмет

Менің телефоным ұрланды. Не істеу керек?

Егер ұялы телефоныңыз ұрланса немесе SIM-карта жоғалса, нөміріңізді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алып, нөмірді бұғаттау үшін neо–ның абоненттік қызметіне немесе жақын арада орналасқан компанияның абоненттік бөліміне хабарласу керек.

 

SIM-картаны ауыстырғанда қанша ақша төлеу керек?

Жоғалған немесе зақымдалған SIM-картаны ауыстыру neо-ның абоненттік бөлімдерінде тегін жүргізіледі.

 

neо-ның абоненттік бөлімдері мекенжайын қайдан табуға болады?

neо-ның абоненттік бөлімдері мекенжайы «Байланыс» бөлімінде көрсетілген.

 

neo-ның абоненттік бөлімінде жеке куәліктен басқа қандай құжаттар бойынша қызмет көрсетіледі?

neо-ның абоненттік бөлімдерінде төлқұжат пен жүргізуші куәлігі бойынша қызмет көрсетіледі. Назар аударыңыз, кейбір қызметтер (мысалы, иесін ауыстыру) жоғарыда аталған құжаттар бойынша жүргізілмейді.

 

Өз нөмірімді басқа тұлғаға тіркеу үшін не қажет?

Жеке тұлғалар үшін келісімшарт иесінен қабылдаушы жаққа меншік құқығын табыстау тек абоненттік бөлімдерде жеке басын куәлендіретін құжаттары бар болса және табыстаушы жақтың барлық дербес шоттарында қарызы болмаса ғана жүргізіледі.

 

Өз сөйлесулерімнің детализациясын қалай алуға болады?

Сіз детализацияны алу туралы сұранымды төменде келтірілген әдістің бірі арқылы жібере аласыз:

  • neо абоненттік бөлімдерінің біріне хабарласып;  

Мен бұл нөмірді қолданып жүрмін, бірақ нөмір иесі емеспін. Мен сөйлесулер детализациясын ала алам ба?

Бұл қызмет тек нөмір иесіне немесе нотариалды заңдастырылған сенімхаты бар өкілетті тұлғаға жеке куәлігі болса ғана көрсетіледі.

 

Төтенше көмек көрсету қызметіне қалай телефон соғуға болады?

Ұялы телефоныңыздан 112 нөмірін теру керек.

Қоңырау тегін шалынады және бұл нөмірге SIM-картаңыз бұғатталса да, тіпті  SIM-карта телефонға енгізілмесе де  телефон соғу мүмкін.

 

Дербес шотымның балансын қалай білуге болады?

Дербес шотыңыздың балансын төменде келтірілген жолмен тексеруге болады:

  • Ұялы телефоныңыздан  111     теріңіз
  • 100 нөміріне бос SMS жіберіңіз
  • 7171 немесе 9191 11 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Өзімнің тарифімді қалай өзгерте аламын?

Сіз өз тарифіңізді:

  • 2020 немесе 9191 21 нөміріне қоңырау шалып, немесе
  • Интернет арқылы компанияның www.neogsm.kz сайтындағы «Мой neо» бөліміне кіріп ауыстыра аласыз.

«Мой neо» бөліміне кіру паролін қалай орантуға болады?

Сіз парольді 9191 22 нөміріне қоңырау шалып, орната аласыз.

 
Қарап шығулар: 1028