![]() Сәлем neo! Сатып алуларҚазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның отандық құрамды дамыту жөнінде қабылдаған шешімдерін қолдау мақсатында, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қазақстандық ұялы байланыс операторы өз алдына 2009 жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық құрам үлесін арттыру туралы міндеттерді қояды. Тауар, жұмыс, қызметтерді сатып алу келесі қағидаларға негізделеді: сатып алудың жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында ашық тендерлер өткізу, отандық өндірушілер мен жұмыс және қызмет көрсететін әлеуетті жеткізушілердің басымдығы, ішкі нарықта ұқсас тауар, жұмыс және қызмет көрсету болмаған жағдайда ғана шетел әлеуетті жеткізушілерінен қажетті тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу. Қазіргі уақытта «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС «Связьмонтаж Холдинг» ЖШС, «Компания «Строй Групп» ЖШС, «NS-Telecom» ЖШС отандық әлеуетті жеткізушілерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ өзара ынтымақтастық туралы тиісті меморандум жасалатын тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің әлеуетті жеткізушілері республикадағы тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді жеткізетін республикадағы жалғыз әлеуетті жеткізушілер емес екенін есепке ала отырып, тапсырыстардың көлемі өткізілетін тендер қорытындылары бойынша бөлінетін болады. Жалпы алғанда, «Мобайл Телеком - Сервис» ЖШС-і қабылдаған шаралар сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық құрам үлесін жоспарлы өсуіне мүмкіндік туғызады. 2009 жылға арналған «Мобайл Телеком - Сервис» ЖШС сатып алу жоспары туралы қосымша ақпаратты компанияның сайтынан алуға болады. Қарап шығулар:
1268 |