![]() Сәлем neo! Тендерлер туралы ақпарат (жөндеу жасау жұмыстар)Мобайл Телеком - Сервис» ЖШС-і (050010, ҚР, Алматы қ.,Зенков к-сі, 22 үй, электрондық мекен-жайы zakupki@mtelecom.kz) Алматы қаласындағы «Мобайл Телеком - Сервис» ЖШС-інің Анықтама-ақпараттық орталығының жайларына жөндеу жасау жұмыстарын сатып алу бойынша ашық тендер өткізетіні туралы хабарлайды. Қызмет көрсету орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 55 Қызмет көрсету мерзімі: 2009 жылдың тамыз-қыркүйек айлары. Сатып алынатын Тауардың толық тізбесі, олардың көлемі, ерекшелігі, қызмет көрсету мерзімі мен орны www.neogsm.kz. сайтындағы тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тендерлік құжаттама пакетін 2009 жылғы 24 тамызды қоса алғанда, сағат 11.00-ге дейін, мына мекен – жай бойынша: Алматы қаласы, Зенков к-сі, 22 үй, 6 қабат, сатып алу Бөлімі немесе www.neogsm.kz сайтынан алуға болады. Тендерлік құжаттаманы алу және тендерге қатысуға өтінім беру бойынша әлеуетті жеткізуші өкіліне берілетін сенімділік белгіленген тәртіпте тиісті сенімхатпен расталуы керек. Тендерлік құжаттама ақысыз беріледі. Тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер конвертке мөрлеп салып, мына мекен-жайға жіберуіне (жолдауына) болады: 050010, Алматы қ., Зенков к-сі, 22 үй, 6 қабат, сатып алу Бөлімі. Өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі 2009 жылғы 11 тамыз күні сағат 11.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдері бар конверттер тендер комиссиясымен 2009 жылғы 11 тамызда сағат 11.30 –да мына мекен-жай бойынша ашылады: ҚР, 050010, Алматы қ., Зенков к-сі, 22 үй, 6 қабат, келіссөз бөлмесі. Әлеуетті жеткізушілер және олардың өкілетті өкілдері тендер өтінімдері конверттерін ашу барысына қатыса алады. Қосымша мәліметтер мен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: (727) 244-95-95 ішкі. (1564), факс (727) 244-95-11, e-mail: zakupki@mtelecom.kz.
«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-і (050010, ҚР, Алматы қ., Зенков к-сі, 22) 2009 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 12.00-де, Алматы қ., Зенков к-сі, 22, 6 қабат, келіссөз бөлмесі мекен-жайында Алматы қаласындағы «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-інің Анықтама-ақпараттық Орталығының (ААО) жайларына жөндеу-құрылыс жұмыстарын сатып алу бойынша ашық тендердің өтпегені жайлы хабарлайды.
Қарап шығулар:
598 |