![]() Сәлем neo! Қайта тіркеуМысалы, Сіз телефоныңызды жоғалтып алдыңыз дейік. Жақындарыңыз, достарыңыз бен серіктестеріңіз бірнеше жылдан бері біліп келген нөміріңізді қалай қайтадан қалпына келтіруге болады? Жауабы анық, Sim-картаны қалпына келтіру керек. Ал нөміріңізді бұғаттау немесе бұғаттан шығару керек болса, немесе neo өткізетін жаңа акция көңіліңізден шығып, оған қатысқыңыз келсе не істемексіз? Әрине, егер Сіз нөміріңізді өз атыңызға рәсімдеген болсаңыз ол ешқандай қиындық туғызбайтыны анық. Ал егер абонент нөмірі басқа кісінің атына рәсімделсе, осы жағдайда не істеу керек? Бар болғаны өз қалаңыздағы Компанияның Абоненттік қызмет көрсету Орталығына келіңіз, нөмірді өз атыңызға қайта рәсімдеп, өз нөміріңіздің толық құқықты иесі болыңыз! Жеке тұлғалар Өзімен бірге мына құжаттарды алып келгеніңіз жөн: · Жеке куәлік; · СТН көшірмесі. Заңды тұлғалар: • Мемлекеттік тіркеу куәлігі (көшірмесі) • Статистикалық карта (көшірмесі) • Салық төлеушінің куәлігі (көшірмесі) • Қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлігі (көшірмесі) • Бас жетекшісінің куәлігі/төл құжатының көшірмесі • Егер келісімдерге басқарушы емес,басқа тұлға қол қоятын болса, оның атына берілген сенімхаты болу қажет. Тіркеу нысанын толтырғаннан кейін 1-3 күн ішінде нөмір өз атыңызға қайта рәсімделеді! Бұған қоса neo желісінің ішіндегі сөйлеслерге жеңілдік ал!
Егжей-тегжейлі ақпаратты ұялы телефоннан 3030 нөмірі арқылы алуға болады. Қарап шығулар:
589 |