![]() Сәлем neo! Тендерлер туралы ақпарат (санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес радиоэлектрондық құрылғылардың жобалық құжаттамаларын жасау және келісілу бойынша қызметтер)«Мобайл Телеком - Сервис» ЖШС-і (050010, ҚР, Алматы қ., Зенков к-сі, 22 үй, электрондық мекен-жайы zakupki@mtelecom.kz) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес радиоэлектрондық құрылғылардың жобалық құжаттамаларын жасау және келісілу бойынша қызметтерді сатып алу жөнінде ашық тендер өткізетіні туралы хабарлайды. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы. Қызмет көрсету мерзімі: 2009 жылдың 01 қарашасынан 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Тендерге біліктілік талаптарға сай әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың көлемі, ерекшелігі, қызмет көрсету мерзімі мен орны www.neogsm.kz. сайтындағы тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тендерлік құжаттама пакетін 2009 жылғы 22 қазанды қоса алғанда, сағат 11.00-ге дейін, мына мекен – жай бойынша: Алматы қаласы, Зенков к-сі, 22 үй, 6 қабат, сатып алу Бөлімі немесе www.neogsm.kz сайтынан алуға болады. Тендерлік құжаттаманы алу және тендерге қатысуға өтінім беру бойынша әлеуетті жеткізуші өкіліне берілетін сенімділік белгіленген тәртіпте тиісті сенімхатпен расталуы керек. Тендерлік құжаттама ақысыз беріледі. Тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер конвертке мөрлеп салып, мына мекен-жайға жіберуіне (жолдауына) болады: 050010, Алматы қ., Зенков к-сі, 22 үй, 6 қабат, сатып алу Бөлімі. Өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі 2009 жылғы 23 қазан күні сағат 10-00-ге дейін. Тендерлік өтінімдері бар конверттер тендер комиссиясымен 2009 жылғы 23 қазанда сағат 11.00 –де мына мекен-жай бойынша ашылады: ҚР, 050010, Алматы қ., Зенков к-сі, 22 үй, 6 қабат, келіссөз бөлмесі. Әлеуетті жеткізушілер және олардың өкілетті өкілдері тендер өтінімдері конверттерін ашу барысына қатыса алады. Қосымша мәліметтер мен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: (727) 244-95-95 ішкі. (1564).
Қарап шығулар:
571 |